Чемпиондар елге оралды: Алматылықтар Сметов пен Қырғызбаевты күтіп алды

Көркем Алдабергенова 05 авг. 2024 09:04 2070

Алматылықтар Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты қарсы алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сметов пен Қырғызбаевты күтіп алуға жүздеген адам әуежайға жиналған. 

Фото: Zakon.kz

Фото: Atameken business

Айта кетейік,қазақ палуаны Елдос Сметов Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Фото: Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінен

Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.


Фото: Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінен

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері, Түркістан облысының тумасы, бүінде Алматыда тұратын Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық  Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды. 


Фото: Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінен


Рекомендовать
Последние новости