Cағадиев сөзінде тұра ма?

Dalanews 09 мар. 2017 07:44 826

Бұл мәселе әрқашанда өзекті. Айтылып та, жазылып та жатыр. Осы айтылған, жазылған дүниелер мен ұстаздардың өтініші Білім министрлігінің құлағына шалынған болуы керек. 

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдердің жалақысын көтеруді қолға алмақ екен.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.

«Педагогтардың жалақысы тым төмен екендігімен келісемін. Біз бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Барлық жаңашылдықтарды педагогтармен бірге талқылайтын әдетіміз бар, сондықтан қаржылық мәселелерді де мұғалімдермен, Үкіметпен және Мәжіліспен бірге талқылайтын боламыз. Біз 2017 жылғы бюджетте педагогтардың жалақысын көтере аламыз деп үміттенемін. Педагог мамандығы әжептәуір беделді болады», - дейді Сағадиев.

Оның сөзінше, жақын жылдары Қазақстан үшін балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарына қосымша 200 мың педагог қажет болады. «Бұл жыл сайын жаңа жұмыс орнын ашатын салаға айналады», - дейді министр.

Рекомендовать
Последние новости