Бизнес саласындағы эко-технологиялар: ForteBank инвестициялауға қалай көмектеспек

Қаракөз Амантай 25 нояб. 2024 09:00 478

Петропавлдағы ауыл шаруашылығы компаниясы ForteBank-те несие рәсімдеу арқылы “жасыл” технологияларға көшіп, жылу жүйесіне кететін шығындарын 4 есеге қысқартып, зиянды қалдықтарын азайтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Инновацияның мәні неде?

“Диқаншы” ЖШС — ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші әрі экспорттаушы компания. Бұған дейін олар ғимараттарын қалалық орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылытып келді. Бұл айтарлықтай шығындарға және зиянды қалдықтардың жоғары мөлшерде шығуына әкеп соқты. Осы мәселелерді шешу мақсатында компания биомассадан жұмыс істейтін, қуаты 300 кВт болатын пеллетті қазандықтарды орнатуға шешім қабылдады.

Пеллеттер — өсімдік шикізатынан алынған отын гранулалары. “Диқаншы” ЖШС компаниясында ауыл шаруашылығы өнімдері — арамшөптер мен зығырдың қабығы көп болғандықтан, дәл осы мақсатқа қолданылады.

Ғимараттарды жылыту үшін маусым ішінде шамамен 165 тонна пеллет қажет. Ал компания оны өзі өндіргендіктен, биомассаны сатып алу қажеттілігі жойылды.

Қаржы мәселесі қалай шешімін тапты?

Экологиялық таза өндіріс технологияларына көшу үшін белгілі бір қаржы салымдары қажет. Сондықтан компаниялар “жасыл” технологияларға несие алу мақсатында банктерге жиі жүгінеді. “Диқаншы” ЖШС, ForteBank-пен төрт жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан компания, пеллетті қазандық орнату үшін 60 млн теңге көлемінде транш сұрады. Жоба мақұлданып, “Даму” дамыту қорының төмендетілген субсидиялау мөлшерлемесімен қаржыландырылды.

1,1 трлн теңгелік портфелі бар, МСБ және ірі бизнесті қаржыландыру бойынша еліміздің үздік үштігіне кіретін ForteBank мәмілеге кепілгер болуға дайын екенін білдірді.

“Төмендетілген кредит ставкалары арқылы қазақстандық кәсіпорындар қоршаған орта мен қоғамға оң әсер ететін жобаларды жүзеге асыра алады. “Диқаншы” компаниясымен серіктестігіміздің мысалында көрсетілгендей, мұндай бастамалар экологиялық қана емес, экономикалық нәтижені де жақсартады. Отандық компанияларды қаржыландыру арқылы банктер тек кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, климаттың өзгеруімен күресуге де көмектеседі. Қаржы институттары өз қызметін тұрақты даму принциптеріне сай өзгертіп келеді”, — деді ForteBank шағын және орта бизнес департаментінің жетекшісі Ғани Мақсұт.



Қандай артықшылықтарға ие болды?

Орнатылған қазандық автоматты қуат реттегіштерімен жабдықталған, бұл ағаш және көмір қазандықтарында болмайды. Жаңартылған жабдық компания ғимараттарындағы температураны реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмысшылардың жайлы жұмыс істеуіне және өнімдердің қауіпсіз сақталуына қолайлы жағдай жасайды.

“Бұрынғы орталықтандырылған жылу жүйесімен салыстырғанда, қазіргі шығындарымыз 4 есе, яғни жылына 8,2 млн теңгеге азайды. Бұл инвестицияны алты жылда өтей алады”, — деді “Диқаншы” ЖШС қаржы директоры Вячеслав Сутулов.

Одан бөлек, спикер ForteBank несие менеджерлерінің жылдам жұмысын, автоматтандырылған процесті және “жасыл”технологияларды қаржыландыру тиімділігін жоғары бағалады.


Рекомендовать
Последние новости