Бюджеттің миллиард теңгесін жымқырмақ болған вице-министр ұсталды (видео)

Dalanews 02 мар. 2018 09:36 740

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық іс-қимыл бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен бірігіп, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков пен мердігер компанияның өкілдері С. Жұмалинов пен Б. Қадырберлин қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді, – делінген ведомствоның хабарламасында.

"2018 жылы өзен тазалауға бөлінген тағы 1,5 миллиард теңгені жымқыру дерегіне тосқауыл қойылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады агенттік өкілі Нұрлан Жахин.

Ғани Сәдібеков 1967 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Түрлі жылдары (12.2009 - 12.2010 жылдар)Жамбыл облысы әкімі аппаратында басшы қызметін, 2010-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.  Ал энергетика вице-министрі қызметіне 2016 жылдың 3 мамырында келді.

 

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=cOZmZst9-d0

Рекомендовать
Последние новости