Биыл Түркістанда амфитеатр пайдалануға беріледі

Dalanews 18 мая 2019 17:04 888

Рухани астана тұрғындарының игілігіне біршама уақыттан соң амфитеатр ғимараты қызмет көрсететін болады. Биылғы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. «– мәдени орталық» аймағындағы 0,56 гектар жерге жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында күндіз – 22, түнгі аусымда 10 жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысқа жауапты «АА-Стройинжиниринг» ЖШС мердігер компаниясының учаске бастығы Абай Абдурахманов  жұмыс өз қарқынымен жүргізіліп жатқандығын айтып, алдағы уақытта нысан келісілген мерзімде аяқталататындығын жеткізді.

Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып,  сыйға тартатын болған. Соның бірі –амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы.



Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости