Биыл Түркістан облысында өрттің салдарынан 444 млн теңге материалдық шығын келді

Жарбол Кентұлы 29 июл. 2025 18:33

Түркістан облысы аумағында 2025 жылдың 6 айында 203 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен жалпы құны 444 млн 403 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков мәлімдеді.

– Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында тілсіз жаудың себебінен 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Департаментпен Мемлекеттік өрт бақылау саласында облыс аумағында сауда саласына тиесілі 31 144 нысан есепке алынған. 2025 жылғы жоспарға сәйкес 4 сауда нысаны тексеріліп 75 құқықбұзушылық анықталды. Базар иелеріне кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

Департаменттің мемлекеттік инспекторларымен және жеке кәсіпкерлік нысандарына белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, биылғы жылы сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себепті 14 өрт орын алып, өрттен келген материалдық шығын 143 млн. теңгені құрады, – деп баяндады сала маманы.


Рекомендовать
Последние новости