Биыл Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 400-ге жуық отбасы қоныс аударған

Dalanews 15 нояб. 2021 15:53 1113

Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 2015-2020 жылдар аралығында барлығы 6 033 мүшесі бар 1 709 отбасы қоныс аударды. Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Солтсүтік облыстарға көшіп барып өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері ұсынылған. Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында Солтүстік өңірлерге облыстан 1 745 мүшесі бар 385 отбасы қоныс аударды.

Айта кетерлігі, облыста «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қазіргі таңда нақты 85 942 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.

– 2021 жылдың 1 қарашасы бойынша 1 872 жаңа жұмыс орны құрылып, 1 377 адамға міндетті зейнетақы жарнасы аударылған. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 886 адам жолданды.  «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру мақсатында қазіргі таңда нақты 225 адам жолдама алған. Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 2 501 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді, – деді Әсия Құралқызы.

Бұдан өзге, 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста 41,5 мың отбасыға 11,2 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Олардың ішінде еңбекке жарамды 64 656 адамның 47 мыңы жұмыспен қамтылды.

Рекомендовать
Последние новости