Дәрігерлер Түркияда білімдерін шыңдады

Dalanews 15 нояб. 2021 16:01 863

Түркістан облысының медицина қызметкерлері Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды. Аталмыш шара Түркістан облысы әкімінің Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен жүзеге асты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгертіп, біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, біліктілігін шыңдау үшін Түркия еліне кеткен топ Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Арыс, Бәйдібек, Түлкібас, Отырар, Сайрам, Жетісай аудандарының жалпы 30 медициналық қызметкерінен жасақталған.

Жиналған тәжірибе өңірдегі медицинаның сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Жалпы, биыл Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 2445 медициналық қызметкер біліктілігін арттырды.

Рекомендовать
Последние новости