Биыл ШҚО-ға ерікті қоныс аудару жобасы бойына 637 адам қоныс аударды

Dalanews 13 дек. 2021 09:02 976

Елімізде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ерікті қоныс аудару жобасы жүзеге асып, еңбек күші көп өңірлердеге азаматтар тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында өзге облыстарға қоныс аударып жатқаны белгілі. Өзге облыстардан еңбек күшін қабылдайтын өңірлердің бірі Шығыс Қазақстан облысы. Күні кеше ғана журналситер алдына шығып, баспасөз мәслихатын өткізген ШҚО Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов биыл ШҚО-ға ерікті қоныс аудару жобасы аясында 637 адам қоныс аударғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде ел аумағында облыстар арасындағы жұмыс күші айырмашылығын азайту мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ерікті қоныс аудару жобасы табысты жүзеге асуда.

Баспасөз мәслихатында ШҚО Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов жобаға қатысушыларға жаңа қоныс жайлы болуы үшін барлық қажетті жағдай жасалынып жатқанын алға тартты.

– Биыл Шығыс Қазақстан облысының еліміздің өзге аймақтарынан «Еңбек» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі ерікті қоныс аудару жобасы шеңберінде 637 адам қоныс аударды. Біздер бағдарламада көрсетілгенде оларға тиісті жағдай жасап, қажетті мемлекеттік төлемдерін төледік. Жобаға сәйкес, облысымызға көшіп келу шығындарын өтеп беру үшін мемлекет әр отбасының мүшесіне бір рет 70 айлық есепті көрсеткіш есебінде ақы төленді. Бұдан кейін олардың үй жалдау және коммуналдық қызметтерге қажетті шығындарын өту үшін ай сайын әрбір отбасы мүшесіне 15-30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төленуде, – деді Досхан Қайырғазинов журналистермен жүздесуде.

Баспасөз мәслихатында Досхан Қайырғазинов ШҚО-ға биыл өзге елдерден 140 қандасымыз көшіп келіп, қоныстанғанын да алға тартты. Ол өзге елден тарихи отанына келген қандастарға барлық мемлекеттік қолдаулар көрсетілгенін атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости