Биыл Шымкентте 211 нысан мен 307,2 шақырым жол жөнделеді

Dalanews 06 янв. 2021 11:13 866

Биыл Шымкент қаласында 230 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 307,2 шақырым жол жөнделмекші. Соның 211-і немесе 267 шақырымы пайдалануға берілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жыл қорытындысы бойынша баяндады.

20 магистралды көше, 110 ішкі орам көшелері және шалғай аудандардағы 100 жол қалпына келтірілген.

1) Байтұрсынов көш. орташа жөндеу, ұзындығы 3,5 шақырым;

2) Түркістан көш. орташа жөндеу, ұзындығы 1,9 шақырым;

3) Республика даңғылы орташа жөндеу, ұзындығы 5 шақырым;

4) Сырым батыр көш. орташа жөндеу, ұзындығы 4,8 шақырым;

5) Гагарин көш. орташа жөндеу, ұзындығы 5,1 шақырым;

6) Құрманбеков көш. орташа жөндеу, ұзындығы 1,9 шақырым;

7) Рысқұлов көш. орташа жөндеу, ұзындығы 4,1 шақырым;

8) №1 автожол, ұзындығы 5,3 шақырым;

9) Қалдаяқов көш. ұзындығы 1,1 шақырым;

10) Асқаров көш. ұзындығы 1,1 шақырым;

11) Қазиев көш. ұзындығы 2,1 шақырым;

12) Аймауытов көш. ұзындығы 1 шақырым;

13) Жібек жолы көш. ұзындығы 1 шақырым;

14) Анаров көш. ұзындығы 1,2 шақырым;

15) Төлеби көш. ұзындығы 2,6 шақырым;

16) Қапал батыр көш. ұзындығы 4,7 шақырым;

17) Тайманұлы көш. ұзындығы 2,8 шақырым;

18) Жангельдин көш. ұзындығы 1,3 шақырым;

19) Рысқұлбеков көш. ұзындығы 1,4 шақырым;

20) Рашидов көш. ұзындығы 2,5 шақырым.

Мұндағы Рысқұлов, Байтұрсынов көшелері мен Республика даңғылынан басқалары осы жылы пайдалануға тапсырылды.

Рекомендовать
Последние новости