Биыл жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламасы қай өңірлерде жалғасады?

Dalanews 15 янв. 2024 19:34 1047

Елімізде жеңілдетілген ипотекалық несие беру бойынша жастар бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады, деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Биыл аталған жоба Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосу жоспарланған.

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын «Отбасы банкі» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен облыс және қала әкімдіктерімен бірлесе жүзеге асырады.

«Бағдарламаларға 35 жасқа дейінгі әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Әр аймақтағы кәсіптер тізбесін бағдарлама басталар алдында әкімдік жинақтайды», — деп жазды министрліктен.

Бағдарламаларға қатысатын азаматтарға қойылатын негізгі талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы.

  • Бағдарламаға қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда).

  • Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

  • Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен ортақ үлестік меншік) болмауы.

  • Өтініш берген кезде қатысушы таңдаған саладағы ресми жұмыс өтілі кемінде бір жылдық зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен растауды талап етеді.


Несие шарттары:

  • Несие бойынша сыйақы мөлшері — жылдық 5% — дан бастап

  • Несие мерзімі-19 жылға дейін

  • Бастапқы жарна-несие сомасы -10%.


Рекомендовать
Последние новости