"Бұл сенсация ғой!". Қазақ дәрігері витилиго дертінің емін тапты

Dalanews 06 июн. 2017 06:31 2728


Осыдан біраз бұрын ақтаңдақ дертінің емі табылғаны туралы хабарланған болатын. Жас дәрігер Сұңқар Мұқаш негізін қалаған Алматыдағы «Достық» Шығыс-Тибет медициналық орталығы соңғы 7 жыл бойы түрлі тері ауруларын емдеп, витилиго (ақтаңдақ), псориаз (сиыр теміреткісі), сүйел секілді түрлі тері ауруларын жазғаны хабарланған. Біз өз кезегімізде медицина орталығының жетекшісімен жолығып, витилиго дертінің неден пайда болатынын және оны емдеудің қандай әдістері барын сұрап білген едік.





 


Витилиго дертінің пайда болу себептері


Дәрігер бұл дерттің пайда болу себептері әртүрлі екенін айтады. Оның бастылары ретінде төмендегі жағдайларды атайды.
Бірінші, адамның психологиялық ауыр соққы алуы, күйзеліске түсуі. Өмірдегі түрлі тосын жағдайлар, отбасындағы әртүрлі қиыншылықтар витилиго дертінің пайда болуына себепші болуы мүмкін.
Екінші, тұқым қуалау. Әсіресе, жас балалардың витилиго дертіне ұшырауы осы себептен болады. Қазіргі күні елімізде витилигомен ауыратын жас балалар саны артып келеді. Кейде тұқым қуалаудан бөлек, отбасылық жағдай, бала иммунитетінің әлсіздігі, дұрыс тамақтанбау әсер етеді.

Үшінші, иммунитеттің әлсіреуі. Ұйқысыздық, үнемі шаршап жүру, уақтылы тамақтанбау.
Төртінші, терідегі қара меланиннің азаюы. Ақтаңдақ терідегі қара миналин азайған кезде өршиді. Оны жазу үшін меланин санын қалпына келтіру керек.
Бесінші, дене жарақатын алу. Жарақат орны ағарып, терінің қалыпты жағдайы бұзылады.
Алтыншы, экологиялық себеп.
Осы және басқа да себептер витилиго дертінің пайда болуына ықпал етеді.

Қалай емдеуге болады?


Сұңқар Мұқаш Қытайдың Шынжаң медицина унисерситетінде оқи жүріп, арнайы профессорлардан тері ауруларын емдеудің қыр-сырын үйренгенін, кейін нақты тәжірибе барысында өзі жаңа рецепт ойлап тауып, адам денсаулығына ешқандай зиянсыз сықпа майлар жасағанын, сол майларды жүйелі қолдану арқылы 100-ге жуық емделушінің дертінен айыққанын жеткізді.

– Медицинада аурудан толық айығуға 100 пайыз кепілдік берілмейді. Бізге келіп толықтай сауыққандар да, сауықпағандар да бар. Ең алдымен емделушіде осы дерттен айығуға құлшыныс болуы керек. Кейбір азаматтар емделу процесі бітпестен күдер үзіп, әртүрлі пікірлермен біз берген дәрілер мен сықпа майларды қолданбай жатады. Енді бір паценттер әртүрі отбасылық және жеке басының мәселелерімен күйзеліске, уайымға салынып, емдеу кезеңін дұрыс пайдаланбайды, – дейді С. Мұқаш.

Витамин С-дан сақтан


Дәрігердің айтуынша, емделушіге сықпа майларды ғана емес, оның иммунитетін көтеретін, ауруға қарсылық қуатын арттыратын дәрумендерді қоса береді. Дәрігер осы дертке шалдыққандардың Витамин С-ны ішпегендері жөн екенін жеткізді. Құрамында осы дәрумен көп жеміс-жидектер мен дәрі-дәрмектерді байқап пайдаланған жөн. Өйткені, Витамин С терідегі қара меланинді азайтады.
– Бір кісі емделіп, дертінен жазылып кеткен. Бір жылдан кейін мына ақтаңдақтар қайта пайда болды деп маған келді. Сөйтсек, ол кісі тұмау тиіп ауырып, Витамин С уколын көп қолданыпты, – дейді дәрігер.
Дәрігер емделушілерге қолданатын шөп дәрілер мен сықпа майларды да орынсыз пайдалануға болмайды дейді.
– Ал сықпа майлардың осыған дейін екі-үш адамның аллергиясын қабындырғанын көрдім. Олар бізге емделмей тұрып, алларгия жұқтырған кісілер екен. Біздің сықпа майлар химиялық қоспасыз, шөптерден жасалатындықтан, кейде алларгиясы бар адамдарға теріс әсер беруі мүмкін. Емделушімен әңгіме барысында өзінің бұрын қандай аурумен ауырғанын толық айтқаны дұрыс.

Емдеу аппараттары



Дәрігер өзі берген сықпа майларды жай жағып қана қоймай, оны арнайы аппараттармен пайдалану анағұрлым өнімді екенін жеткізді. Дененің ағарған жеріне жағылған майдың әсерін арттыру үшін бірнеше аппаратты пайдалануға болады. Алыс облыстардан келетіндерге мұндай мүмкіндік болмағандықтан, тек дәрілерді беріп, телефон арқылы күнделікті хабарласып, бақылап отырса, жақын маңдағыларды орталықтың өзінде емдеп, тез жазылуларын қадағалайтын көрінеді.
– Мұндай аппараттың да бірнеше түрі бар. Күн нұры секілді жарық шығаратын аппарат теріге жағылған майды тез сіңіріп, оның әсер етуін тездетеді. Ал қысқа толқынды аппарат тері бетінің әсершілдігін арттырып, дәріні өзіне тез сіңіреді.
Дәрігер өзінің ұзақ уақыттық емдеу барысында ойлап тапқан үшінші аппараты туралы да айтты. Ол бұл аппарат терінің ең жоғарғы, яғни үстіңгі бетін тітіркендіру арқылы терінің әлсіз жасушаларын оятып, жағылған май теріге толық сіңеді, бұл барыс қара меланиндердің қайта қалпына келуіне ықпал етеді дейді.

Бұл дерттің зияны бар ма?


– Әдетте, бұл дерттің ешқандай зияны жоқ. Емделмесе де болады деген берік түсінік орнаған. Бұл қате түсінік. Иә, бұл ауру жұқпалы емес, қышытпайды. Бірақ адам психологиясына ауыр салмақ жүктейді. Зоб, жүрек әлсіздігі, иммунитеттің әлсіреуіне соқтыруы ғажап емес.

Осыған дейін Батыста да, Шығыста да бұл дертке нақты ем табылмаған. Дәрігер Сұңқар Мұқаш соңғы кездері АҚШ-тың Нью-Йорк штатында және Қытайдың Шанхай қаласында витилигоны зерттеу орталықтары құрылып, едәуір нәтижеге жеткенін тілге тиек етті. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, ондаған арнайы мамандар емдеу және зерттеу жұмыстарымен айналысып жатқан көрінеді. «Бізде де осындай орталық болса ғой» деп армандайды дәрігер.
– Олардың бізден артықшылығы, арнайы зертханалары бар.
Мысалы, витилиго дертіне шалдыққан науқастан әртүрлі анализ алып, терісіндегі меланин санын, олардың қанша пайызы қайта қалпына келтіруге жарамды екендігін анықтайды.

Соған сай емдейді. Әрі науқастарды арнайы орталықтарға жатқызып, күні-түні бақылауға алады. Ең алдымен әр пациентпен психологтар сөйлесіп, оларды рухани сауықтыруға құлшынады. Бізде онда мүмкіндік жоқ. Біз өзіміз жасаған дәрілер мен емдеу тәсілдеріміз арқылы науқастармен жұмыс істейміз. Алыс облыстардан келгендерге жасаған сықпа майымыз бен дәрумендерімізді беріп, телефон арқылы ғана бақылау жүргіземіз.
«Достық» Шығыс-Тибет медициналық орталығы алдағы уақытта екі елдегі зерттеу орталықтарымен бірігіп жұмыс істеу жоспарын құрып отыр. Олармен тәжірибе алмасу арқылы медицина орталығын кеңейтуді көздейді. Дәрігер Сұңқар Мұқаш өзінің біліктілігін арттыру мақсатында 2016 жылы АҚШ-тың Иллинойс штаты Парклэнд университетінде маусымдық тағлымдамадан өтіп келген.

Дереккөз: 365info.kz



Рекомендовать
Последние новости