"Бұл қайтатын ақша". Қаржы министрі Дубайдағы EXPO жайлы пікір білдірді

Dalanews 24 дек. 2019 07:16 843

ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысуға қажетті қаражат ел бюджетінен бөлінеді, деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігі.




Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысатындай және оған 22 млн доллар жұмсайтындай Қазақстанға не көрінгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Dalanews.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Министр атап өткендей, Қазақстан үкіметі 2025 жылға қарай шетелдік тікелей инвестиция көлемін 34 млрд долларға жеткізу міндетін өзіне жүктеп отыр. 2019 жылы оның көлемі 24 млрд долларды құрапты.
"Біз тағы 10 млрд доллар инвестиция тартқымыз келеді. Ол үшін бізге 2020 жылдың 20 қазанынан бастап 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін жарты жыл бойы Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысу керек.

"Мүмкіндіктер" деген технологиялық кластер аясында "Қазақстан" деген павильон болады, оған әлемнің әр түкпірінен инвесторлар келеді. Павильондағы уақытша құрылыстар үшін 8,8 миллиард теңге немесе 22 миллион доллар бөлінген", - деді Үкімет отырысынан шыққан Смайылов.

Оның сөзінше, егер шетелдік инвесторлар "Қазақстан" деген павильонды көрген соң елге қосымша шетелдік инвестициялар келсе, бұл бөлінген ақшамыз әлі еселеп қайтады, ашылатын жаңа өндірістер, жұмыс орындары мен салық есебінен Қазақстан ұтады.
"Қазақстан үшін ол көрмеге қатысу өте маңызды, сол үшін оған ақша бөлінді", - деді Смайылов.

Ол айтқандай, бұл павильон – ұлттық, сондықтан оған кететін ақша республика бюджетінен бөлінді.

Рекомендовать
Последние новости