Бүгін Өзбекстан парламенті президент міндетін атқарушыны тағайындайды

Dalanews 08 сент. 2016 06:24 848



Бейсенбі күні Тәшкентте Өзбекстанның заң шығарушы палатасы мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысы өтеді. Онда Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін президент сайлауы өткенше, президент міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды.






Өзбекстан Конституциясының 96-бабы бойынша, «қазіргі президент өзінің міндетін атқара алмаған жағдайда, оның міндетін елдің Олий Мәжілісі сенатының төрағасы атқарады. Үш айдың ішінде «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес сайлау өтеді» делінген.
Қазіргі уақытта Өзбекстанның Олий Мәжілісі сенатының төрағасы – Нигматилла Юлдашев.

Каримовтің өлімі туралы ресми ақпарат 2 қыркүйекте жарияланды. Өзбекстанның тұңғыш президентін 3 қыркүйекте Самарқанда жерледі.

Ресейлік ақпарат құралдары Кәрімовтың орнын басуы мүмкін ең ықтимал үміткер ретінде – қазіргі үкіметбасы Шавкат Мирзияевты (жоғарыда суретте) атап жүр.

Мирзияев 59 -да қазір. Ол «самарқанд кланының» өкілі. Кәрімовтың ауыр сырқатқа шалдыққанын алғашқы болып хабарлаған да осы кісі.

[caption id="attachment_19743" align="aligncenter" width="444"]мирзияев путин Мирзияев және Путин[/caption]



Рекомендовать
Последние новости