Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында “Заң бар жерде тәртіп бар” атты кездесу өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл кездесу Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ бірлесе отырып, Сырым ауданы прокуратурасының прокуроры Темірбай Қайырбек Асылбекұлы, Сырым ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Полиция майоры Хасанов Азамат Кайырболатұлының қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ тәрбиеленушілеріне жеке құқықтары мен міндеттері туралы, түнгі рейдтер, қоғамдық тәртіпті сақтауда қолданылатын әдістер кеңінен түсіндіріліп, заң бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды.
Сонымен қатар, құқық бұзылған жағдайда оның салдары мен жазалары туралы, сондай-ақ мопед жүргізудің жаңа ережелері және қауіпсіздік ережелері жөнінде маңызды ақпарат беріледі.
Кездесу соңында оқушылар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, жауап таба алды.