Астана халықаралық форумы биыл демеушілер есебінен өткізіледі

Жарбол Кентұлы 09 апр. 2025 22:12 639

Астана халықаралық форумы биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысынан кейінгі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген, алайда биыл бұл қаулының күші жойылған.

Форумды ұйымдастыруға қатысты барлық шығындар демеушілік жарналар арқылы жабылады және оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді.


Рекомендовать
Последние новости