БҚО-да 387 041 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарбол Кентұлы 24 апр. 2025 16:46 194

«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы 2022 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 387 041 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бүгінде аталған жерлер шаруаларға үлестіріліп, кәсіпкерлер өз ісін дамытуда.

Мәселен, Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында мемлекет меншігіне қайтарылған 351 гектар жер аудандық «Жер аманаты» комиссиясының ұсынысы бойынша «Дәулен» шаруа қожалығына пайдалануға берілді. Яғни, шаруа Дәулен Елеуов қолда бар жайылымдық жердің аздық етуіне байланысты конкурсқа қатысып, осыған дейін мемлекет меншігіне қайтарылған жерді пайдалануға алған.

- «Ата кәсіппен айналыса бастағаныма 15 жылдан астам уақыт өтті. Етті ірі қара, жылқы, қой шаруашылығымен айналысамыз. Өнімдерімізді ауыл, аудан және қала тұрғындарына жеткіземіз. Қазір кәсіп аясын кеңейтіп, мал басын көбейтіп жатырмыз. Жайылымдық жеріміз аздық еткендіктен, конкурсқа қатысып, 351 гектар көлемінде жер алдық. Бұл кәсіп иелеріне беріліп жатқан жақсы мүмкіндік. Осындай қолдау көрсетіліп жатқаны үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Дәулен Елеуов.
- «Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылы Жер аманаты жобасы аясында комиссиялар құрылды. Бұл комиссиялар тек облыс орталығында емес, аудандық жерлерде де қарқынды жұмыс атқарып келеді. Бұл жұмыстар аясында басымдылықты кәсіп бастап жатырған жастарға бергіміз келеді. Себебі мемлекеттік конкурстарға қатысқан кезде көп жағдайда бірнеше жылдан бері осы салада еңбек етіп жүрген шаруашылық иелері жеңіп жатады, ал жас кәсіп иелеріне жайылымдық жерлер ретінде, егістік алқаптарына пайдаланып, кәсіп бастауға бұл үлкен мүмкіндік. 2022 жылдан бері 387 041 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарылса, биылғы жылдың өзінде 30152 га пайдаланылмай жатырған жерлер қайтарылды», - деді «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев.

«AMANAT» партиясы
Батыс Қазақстан облыстық филиалының
баспасөз хатшысы Зарина Каирова


Рекомендовать
Последние новости