БҚО әкімі өңір тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтады

Жарбол Кентұлы 17 мар. 2024 16:48 2219

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрі бойынша еліміздің Батыс өңірлерінде Наурыз мейрамын атап өту – 14 наурыз Көрісу күні мерекесімен басталады.


Осы орайда Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Көрісу күнін өңірдің бірқатар отбасыларын құттықтаумен бастады.


Ең алдымен БҚО әкімі Нариман Төреғалиев және өңірге іс-сапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен бірге тыл және еңбек ардагері, «Алтын алқа» иегері Жәмила Кенжеғалиеваның шаңырағына барып, мейраммен құттықтады. Көпбалалы ана Жәмила Кенжеғалиева 99 жасқа келген. 8 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 28 немере, 70 шөбере, 8 немене сүйіп отыр.


«Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» - дейді дана халқымыз. Көрісу күні Сізге арнайы келіп отырмыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға береке, бала-шағаңызға амандық тілеймін»- деді өңір басшысы.


Облыс әкімі бұдан соң, Көрісу күнімен Ақжайық өңірінің өнегелі отбасыларының бірі – Биғалиевтер әулетін құттықтады. Олар Батыс Қазақстан өңіріне 38 жыл бұрын құрылған «Биғалиевтер» отбасылық ансамблімен танымал. Қазіргі уақытта әке жолын балалары жалғап, өңірдің мәдениет саласының дамуына өз үлестерін қосып келеді.


Бұдан соң, Нариман Төреғалиев Орал қаласында Наурыз мерекесіне орай өтіп жатқан іс-шараларға қатысып, облыс тұрғындарын Наурыз мерекесінің басталуымен құттықтады.


«Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады. Еліміздің әр өңірінде 14-23 наурыз аралығында дәстүріміздің құндылықтарын дәріптеуге бағытталған Наурызнама онкүндігі өтеді.

Оның аясында танымдық негіздегі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Баршаңызды шуақты көктемнің алғашқы күндерімен келіп жеткен – Көрісу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!»- деді өңір басшысы.


Батыс Қазақстан облысында Көрісу күні мейрамы кең көлемде аталып өтілді.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 


Рекомендовать
Последние новости