Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйді мемлекетке қайтарды

Dalanews 16 окт. 2023 10:00 1245

Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне құны 1,4 миллиард теңгеден Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру туралы өтініш берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қонақ үй кешенінің ауданы 5 мың шаршы метрден асады. Коммерциялық нысан жыл сайын 900 миллион теңгеге жуық табыс әкеледі екен.

Бұл нысан мемлекет меншігіне өткеннен кейін заңға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтары ретінде пайдалануға болады.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаев Қаражанбас Северный мұнай кен орнын мемлекет меншігіне өткізген болатын. Есеп бойынша компанияның құны 35,4 млрд теңгені құрайды.


Сондай-ақ, кәсіпкердің мемлекетке 90 миллиард теңгенің мүлкін, оның ішінде мұнай кәсіпшілігін, газ тарату компаниясын, сервистік кәсіпорынды, қонақ үйлерді, сауда ойын-сауық кешендерін, фитнес-сауықтыру орталықтары желісін және қызметтік үй-жайларды өз еркімен қайтарды.

Сонымен қатар, Боранбаев білім беру жүйесін қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Рекомендовать
Последние новости