Болманов: «Адамды түзеу үшін қолыма қамшы алмаймын»

Dalanews 06 апр. 2018 06:07 906

Қазақстандық танымал әнші, Ұлытау тобының продюсері Қыдырәлі Болманов әйелдерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Ол Қазақстанда қамшымен ұрып-соққаннан бөлек талқылануы тиіс көптеген маңызды мәселелер бар екенін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.



Рэпердің әрекетін сөз қылған Болманов қоғам Ахмадиевтің түпкі ойын түсінбеген шығар деген пікірде. Сонымен қатар, ол рэпермен таныс екенін де айтқан. Продюсер қазір көптеген адамдар хайп үшін неше түрлі әрекеттерге баратынын атап өтті. Ол өз ойын жеткізу үшін міндетті түрде қамшы алмай-ақ сөзін өткізуге болады дейді.
– Қазір көптеген адамдар тез көрініп, танымал болғысы келеді. Бұл әрекеттерді жақсы деп айта алмаймын. Мен біреуді түзеу үшін ешқашан қолыма қамшы алмас едім. Маған голливудқа барып гран-при секілді марапаттарға ие екенімді дәлелдеу оңайырақ. Осындай жетістіктерге қол жеткізіп, өзіңнің кім екеніңді қамшысыз-ақ көрсетуге болады, – деді Болманов.

Өзін көрсету үшін неше түрлі әрекет жасайтындарды сынға алған Болманов қоғамда бұдан басқа көп мәселелер бар дейді.

– Бізде көп мәселеле бар. Қазір балалардың өзіне қол жұмсауы көбейіп кетті. Сондай-ақ идеолагояда да біршама қиындықтар туып тұр. Бізде Қазақстанның өзі өндіретін тауарлары өте аз. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан аса уақыт өтсе де бетке ұстар брендіміз жоқ, – дейді Қыдырәлі Болманов.

 

https://dalanews.kz/22985

Рекомендовать
Последние новости