"Болашақ" бағдарламасына қатысты өзгеріс болмақ

Сағыныш Сардарова 11 нояб. 2024 16:51 2152

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.

Министрдің сөзінше, қазір Президенттің тапсырмаларына сәйкес «Болашақ» бағдарламасының ережелері өзгертіліп жатыр.

"Ғылыми тағылымдамалардың саны екі есе қысқартылады. 250 грант бөлінеді. Босаған гранттарды жаңа бағыттарға бағыттаймыз. Бірінші, жасанды интеллект. Келесі жылдан бастап жылына жасанды интеллект саласындағы сарапшыларын дайындау үшін 100 грант квота ретінде бөлек бөлінеді. Оның ішінде ғылыми тағылымдама, докторантура және магистратура.

Екінші үлкен өзгеріс: келесі жылдан бастап бакалавриат қайтарылады. Бұл өте жақсы серпін береді деген үміттеміз. Бакалавриатқа халықаралық олимпиадаларда, ғылыми конкурстарда жүлделі орындары бар талапкерлер түсе алады. Яғни, мықты университетке түсіп, халықаралық олимпиадаларға қатысқан балаларға арнайы квота ашылады. Бұрын мемлекеттік қызметкерлерге сондай квота болған. Енді сол қайтарылады", - дейді Саясат Нұрбек.

Шенеуніктің айтуынша, мықты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне шақыру – үлкен мәселе. Одан кейін бұл ұсыныс ретінде біраз резонанс тудырған.

"Халықаралық үлкен ұйымдарда, БҰҰ-да, біздің Қазақстан мүше болған ұйымдарда "Болашақ" бағдарламасының түлектері жұмыс істеуге мүмкіндік берілсін деген. Бұл – біздің СІМ, сыртқы ведомстволар, елшіліктер тарапынан шыққан ұсыныс. Біз қазір оны қарастырып жатырмыз. Бұл сұрақты ашық талқылауға қойдық. Неге десеңіз, кейбір мемлекеттерде Ресей, АҚШ, Қытай, Еуропа елдері, Түркия болсын – халықаралық ұйымдарға өзінің азаматтарын жұмыс істеуіне, қызметте көретілуіне арнайы бағдарламалар да бар. Ол ұйымдардың елге деген, Қазақстанға деген ықпалы бар. Грант түрінде, шешім қабылдағанға, халықаралық-заңнамалық өзгерістерде... Сондықтан осы ұйымдарда біздің өкілдеріміз болғаны абзал. Ұсыныс талқыланып жатыр», - деді министр.


Рекомендовать
Последние новости