Путин Қазақстанға келмек: бұл туралы не белгілі?

Сағыныш Сардарова 07 нояб. 2024 12:27 2019

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға қашан іс-сапармен келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, Ресей президентінің сапары 27 қарашаға жоспарланған.

"Мұрат Нұртілеу Елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөздер жүргізіп жатыр.

Тараптар халықаралық мәселелерді талқылап, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ бойынша өзара іс-қимыл туралы пікір алмасады. Қазақстан БРИКС-ке серіктес ел ретінде қосылуға шақырту алған. Бұл туралы Ресей СІМ басшысы мәлім етті.

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің 27 қарашада Уфа қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн қатысатыны жөнінде хабарлады", - деп жазылған деректе.

Ашық дереккөз

Айта кетейік, қазанда Владимир Путин Қазақстанға келетіні туралы ақпарат тарады. Сол кезде Ресей президенті Қазақстанға қарашаның аяғында келуді жоспарлап отырғаны айтылды. 

"Сапарға шынымен де белсенді түрде дайындық жүріп жатыр. Күндерін уақтында хабарлаймыз",- деді Песков бұған дейін.

Еске салайық, Путиннің бұған дейінгі сапары биыл шілдеде болды. Ол ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алған болатын.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты.

Анықтама үшін: Үкімет мәліметіне сүйенсек, 5 жыл ішінде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд. болған.


Рекомендовать
Последние новости