Блогерге қол көтерген спортшы жазаланды ма?

Dalanews 09 окт. 2023 16:13 967

Бұған дейін фитнес залында соққыға жығылғанын мәлімдеген белгілі блогер Әсел Асқар өзіне қол көтерген азаматтың қалай жазаланғанын айтып берді. 

Желідегі сұрақ-жауап кезінде оқырмандары блогерден кәсіби спортшымен жанжалы қалай аяқталғанын сұрады.

“Ол қоғамдық жерде менің ар-намысыма тигені үшін заң алдында жауап берді. Содан соң ол кешірім сұрады және кешірімін қабылдадым. Мен де өз кезегімде кешірім сұрадым. Арамыздағы жанжал шешілді”, – деп жауап берді Әсел Асқар.

Айта кетсек, жуырда блогер бейтаныс ер адам оны фитнес залында балағаттап, бетінен ұрғанын айтқан. Себебі, жаттығу кезінде Әселді мобилографы видеоға түсіріп жатқанда кадрға түсіп қалған спортшыға бұл ұнамаған. Содан жанжал туған.

Алматы полиция департаменті 1996 жылы туған азаматтың үстінен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлаған болатын.

Рекомендовать
Последние новости