Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет

Dalanews 21 нояб. 2018 07:48 904

Саясаттанушы Ерлан Саиров Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» аталатын мақаласына қатысты пікір білдірген екен.  



Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті.

Біз жаһандану заманына өзіміздің тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті.

Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде, және өзекті.

Отарлау кезеңінде, бізді, қазақтарды, тарихы болмаған, болмысы, бет-әлпеті жоқ, даланы кезіп жүрген халық ретінде көрсету әрекеттері болды.

Біз сол жүйелі әрекеттердің арқасында өзімііздің тарихымыздан айрылып қалдық, тарихты есімізге алғымыз келмеді, "тарихтан шаршау" синдромына іліктік...


"Халықты құртқың келсе, оның тарихын құрту керек, тарихын білмеген халық тобырға айналады" деген аспект бар.

Біз осынау "мәңгүрттік" заманды да басымыздан өткердік...

Жаһандану процесстері ұлттың өткені мен өткергенін басқаша көзқараспен сараптай отырып, болашаққа бағдар жасауды талап етеді...
Жаһандану әрқашан болған...

Халықтардың Ұлы көші, Алтын Орда, Дели сұлтанаты Ұлы даланың сценариімен болған жаһанданудың жобалары...

Осы тарихи жобалардың жетістіктерін әлі күнге дейін батыс иеленіп, пайдаланып келеді...

Атты қолға үйрету, үзеңгі, металлургия, алтыны өңдеу технологиялары біздің қасиетті жерде пайда болған...

Осы жайт батыс тарихнамасында жабулы қазақ болып тұр. Ғылыми-техникалық прогресстің тарихшысы Линн Уайт "Үзеңгіні жасау адамзат тарихында ұшақ, автомобильді жасаумен тең революция жасады" дейді...

Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет...

Ерлан Саировсаясаттанушы

https://dalanews.kz/39944

Рекомендовать
Последние новости