Бізде «порядочность» дефицит пе?

Dalanews 03 авг. 2017 06:03 920

«Қазақ тілі бай, жылқыға қатысты пәлен атау, түйеге қатысты түген атау бар!» деп жыртылғанда, жарылып кете жаздаймыз. Өз басым көпетен бері қазақ тілінен орыстың «Порядочность» деген сөзінің баламасын іздеп жүрмін...

Адамгершілік туралы ұғым десек те болады. Бірақ оның ешбірі «Порядочность» сөзінің мағынасын толық аша алмайтын секілді..

Айналама қарасам, бізде «Порядочность» деген сөзінің қазақша нұсқасы тұрмақ, өмірімізде сол ұғым мүлдем жоқ па деп қаламын.

Тапсаңыздар айтыңыздар?..

Өзін емес, сөзін...

Бүгінде ұйқыдан «Жемқорлықпен күресті желеулетіп, бүгін кім кімді ұстатар екен?» деп оянатын болдым.

Бізде «Порядочность» дефицит пе?

Әлде мүлдем жоқ па?..

 

Өмір Шыныбекұлы

(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)

Рекомендовать
Последние новости