Біртанов менингитке қарсы екпенің бағасын арзандатуға уәде берді

Dalanews 05 июн. 2018 09:37 770

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясына қарсы екпенің бағасын арзандату жөнінде жұмыстар жүргізетін болады.

Бұл туралы ведомство басшысы Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды

Бұған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев еліміздің әр өңіріндегі екпенің бағасын сынаған еді.
Кей өңірлерде екпе 20 мың теңгеден сатылса, кейбірінде 40 мың теңгеге сатылып жатыр екен. Өз кезегінде премьер-министр бұл мәселені шешуді тапсырды.

«Бұл мәселе бар. Таядуа біздің фармация комитеті дәрі-дәрмек бағасының қымбаттамауы үшін, өңірлермен жұмыс жасай бастады. Менің ойымша, екпенің бағасына арзандатуға мүмкіндік бар. Премьер-министр бізге және жергілікті атқарушы органдарға бағасын арзандату туралы тапсырма берді. Жұмыс жасайтын боламыз», – дейді Біртанов.

Дереккөз:  Sputnik

Рекомендовать
Последние новости