Біржыныстылықты насихаттау ашық жүріп жатыр – тосқауыл неге қойылмайды?

Dalanews 18 апр. 2023 12:43 815

«Қазақстандық Ата-Аналар одағы» РҚБ  Балтабаева Багиланың  ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті.

Соңғы жылдары еліміздің бас қалалары Астана мен Алматыда феминисттік ұйымдар шеру мен минитингтерді өткізіп жүр.

Әкімшіліктен рұқсатты әйел құқығы, бала құқығы, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбымен алып, бірақ іс жүзінде түрлі түсті жалауды жамылып, жас жеткіншектерді жинап, астыртын ЛГБТ ұйымын насихаттайды. Осы тақырып жөнінде сөз қозғалып, зиялы қауым өкілдерімен пресс-конференция өтті.

"Феминисттік ұйымдардың жылда 8 наурызда өткізетін митингтерінің көздегені не?" деген өзекті мәселе көтерілді.

Жиынға Марат Тоқашбаев, Әмір Мәуленов, Айдос Оразай сынды білікті журанлаистер мен блогерлер қатысып, сөз сөйледі.

– Осы мәселемен мен 7-8 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Әлеуметтік желіде талай мақала жазып, посттар шығарып жүрмін. Мұның бәрі жас ұрпаққа әсер етпей қоймайды. Дүниежүзінде ғалымдардың зерттеуінше, табиғи ауытқушылығы басым болып, әйелдерде еркектің, еркекте әйелдің гармондары басым дертке ұшыраған адамдардың саны небәрі 4-5%-ды құрайды екен. Ал қалған жағдайларда іс жүзінде зорлық-зомбылықтың нәтижесі, – дейді журналист, Жазушылар одағының мүшесі Марат Тоқашбаев,

Бүкіл дүниежүзіндегі ЛГБТ қауымдастығының ұстанып отырған саясатының ешқандай тарихи мән-маңызы жоқ. Бар мақсаты – адам баласын жою. Ер мен әйелден жаңа ұрпақ, жаңа буын пайда болады. Ал біржыныстылардың әрекетінде тән рахатынан басқа ештеңе жоқ. Дінімізге де қарсы нәрсе.

 

Рекомендовать
Последние новости