Білікті инженерлік кадрларды даярлаудың жаңа форматы: Allur корпоративтік университеті жаңа заманауи білім беру кеңістігіне жол ашады

Сағыныш Сардарова 04 июн. 2024 13:12 2582

Қостанайда Allur автомобиль зауытының корпоративтік университетінің жаңа білім беру кеңістігі ашылды. Бұл маңызды оқиға инженерлік технологиялар саласындағы кадрларды даярлау, оқыту және біліктілігін арттырудың, студенттерді дуальды оқытудың және бүкіл автомобиль өнеркәсібі үшін өндіріс менеджерлерін даярлаудың жаңа кезеңін – Allur білім беру стратегиясының басымдықтарын көрсетеді.

"Allur University - білім, ғылым және бизнестің интеграциясына негізделген заманауи білімге жаңа көзқарас. Бұл формула инженерлер мен менеджерлерді заманауи өндіріс пен болашақ бәсекелестікке дайындауға мүмкіндік береді", - дейді Allur University басшысы Людмила Олкинян.



Былтыр Allur корпоративтік университеті он жылдығын атап өтті. Ол құрылғаннан бастап зауытта қызметкерлерге өндірістен қол үзбей-ақ дамудың бірегей мүмкіндігі пайда болды, ал талантты жастарға елдің кадр резервінің маңызды бөлігі болуға мүмкіндік туды. Қазір Allur University портфолиосында Allur компаниясы мен сыртқы клиенттер үшін когнитивті, цифрлық және кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған 30-дан аса білім беру тәсілі бар. Басшылық жаңа кеңістік ашылғаннан кейін университетті қаланың барлық тұрғыны үшін зияткерлік орталыққа айналдыруды жоспарлайды.

Жыл сайын Allur университеті өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, ұтымды өндіріс, Lean-менеджмент, корпоративтік мәдениет пен құндылықтар, инновациялық ойлау саласында қызметкерлердің құзыретін дамыту мақсатында  2000-нан аса адамды оқытады. Сонымен қатар, команда "жаңа форматтағы" инженерлерді - еліміздің автомобиль өнеркәсібін дамытуға және жетілдіруге әлеуеті бар болашақ көшбасшыларды, инженерлер мен мамандарды дайындауда.

Білім беру кеңістігінің ашылуы техникалық кәсіптерді дамытудағы инновацияға жасалған қадам болмақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұның қажет екенін бірнеше рет атап өтті. Сапалы аудиовизуалды жабдықтармен және кітапханамен жабдықталған заманауи аудиториялар, ұжымдық жұмыс пен демалуға арналған орындарды біріктіретін коворкингтер студенттердің жайлылығы мен өнімді жұмысы үшін жасалған.

Allur University есіктері автомобиль зауытының қызметкерлері үшін көптен бері ашық: бүгінде "Өндірістік басқару мектебі", "Тиімді өндіріс", "Тиімді тәлімгерлік" сияқты сұранысқа ие бағдарламалар, сондай-ақ, "Pro-көшбасшы" және "Тиімді менеджмент" секілді топ-менеджерлердің біліктілігін арттыру курстары іске асырылуда.

Білім беру кеңістігі Allur зауытының қаражаты есебінен салынды және толық жабдықталды: жобаға 100 миллион теңгеден аса қаржы бөлінді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, Allure University серіктестері - жетекші білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Кеңістіктің ашылуы Satbayev University (Алматы қ.) және Almaty Management University (Алматы қ.) секілді университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Осылайша, Allur университетінің жаңа білім кеңістігін құру Allur автомобиль компаниясының және Қазақстанның бүкіл автомобиль өнеркәсібінің табысына ықпал ететін адами капиталға және үздіксіз дамуға инвестиция салудың маңызын көрсетеді.


Рекомендовать
Последние новости