«Біле жүріңіздер!». Коронавирустың қай штамы қауіпті?

Dalanews 27 сент. 2021 03:40 906

Елімізде нигериялық «Ета» штамына қатысты індеттің жаңа толқыны басталмайды. Профилактикалық медицина академиясының президенті жұрттың үрейін осылай басты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ бұл босаңсуға себеп емес. Өйткені әлемде қауіптілігі жағынан ковидтың «Дельта» штамынан артық қауіпті мутациясы жоқ.

– Коронавирустың «Ета» нұсқасы індеттің жаңа толқынына әкеледі, ол өте қауіпті немесе аса жұқпалы деген ақпарат жоқ. Сондықтан бұл штамм дәрігерлерді қауіптендіріп отырған жоқ. Біз қазір «Дельта» штамымен күресіп жатырмыз. Ол әлдеқайда қауіптірек, – дейді Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман.


«Ета» штамын жұқтырғандар күрт көбейіп жағдай ушығады деген қауіп жоқ. Әрі қазір елімізде қолданылып жатқан вакциналар індеттің жаңа нұсқасынан да қорғай алады.

Өкініштісі сол, халықты екпемен қамту деңгейі бізде әлі төмен. Ал иммунизациядан өткендер үлесі артқан сайын, вирус күшін жояды. Сөйтіп ол қарапайым инфекцияға айналып, эндемикалық ауру болып қалып қояды. Сондықтан академик екпе алудың маңызы зор екенін тағы бір еске салды.

Нұргүл Нұрланқызы

Рекомендовать
Последние новости