"Бетперде жетпеуде". Қытайда тұратын қазақстандық ол жақтағы ахуалды айтты

Dalanews 22 янв. 2020 10:20 810

Бүгін Қытайда жаңа вирусты 440 адам жұқтырғаны, олардың көпшілігі Ухан қаласынан екені, сондай-ақ бұл қауіпті дерттен тоғыз адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Гирин провинциясының Чанчунь қаласында тұратын қазақстандық Екатерина Әлиева, онда шынымен не болып жатқанын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бетпердені тонналап сатып алып жатыр, қазір оны таппай жүргендер де көп.

Оның үстіне қазір - Жаңа жыл, бұл мерекеде қытайлардың көпшілігі туған-туыстарының үйіне кіріп, бір-бірін құттықтайды. Бүкіл ел арлы-берлі жөңкіп кетеді бұл кезде, қауіптісі де сол. Сондықтан да соңғы кезде түсініксіз вирусты жұқтырғандардың саны күрт артқан, - деді ол.

Оның айтуынша, теледидарда вирус туралы мүлде айтылмайды.


- Тексеру жүріп жатқан жоқ, вирус туралы ақпарат жария айтылмайды. Барлық мектептер, дүкендер - бәрі де жабық, жұмыс істемейді, тіпті такси, автобус және метро да жұмысын бәсеңдеткен. Вирус туралы ақпарат тек мессенджер арқылы тарауда.

Телефонында VPN белгісі барлар халықаралық сайттардан орыс және ағылшынша ақпараттардың скриншоттарын алып, бір-біріне лақтырып жатыр.


Вирус туралы білетіндер сыртқа шығуға қорқып, үйінде отыр.

Рекомендовать
Последние новости