"Беті бері қарамаған". Ресейлік пропагандист Тигран Кеосаян ауруханаға түсті

Көркем Алдабергенова 08 янв. 2025 17:59 814

Facebook желісінің қолданушысы Никита Небылицкий Тигран Кеосаянның ауыр халде жатқанын жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбадан белгілі болды. 27 желтоқсан күні ауруханаға түскен Тигран Кеосаянның әлі беті бері қарамаған. 

"Сіздерге жаңалығым бар. Мәскеудегі байланыстарымның бірі, жоғары лауазымды танысым, маған 27 желтоқсанда Тигран Кеосаянның терең кома жағдайында ауруханаға жеткізілгенін айтты. Содан бері ол сол жерде еш өзгеріссіз жатыр. Оған екі рет діни қызметкерлерді шақырған. Біріншісінде православиелік, екіншісінде армян-григориандық. Команың себебі бізге белгісіз. Мүмкін, үшінші инфаркт шығар, өйткені оның алдында екі рет инфаркт болған, мүмкін басқа бір ауру, немесе Буданов жолдастың әрекеттері шығар. Белгісіз. Бірақ оның медикаментозды комаға енгізілмегені, өздігінен комаға түсіп, ауруханаға жеткізілгені анық", - деді ол. 

Айта кетейік, Dala inside телеграм арнасы пәле іздеген пропагандистің кураторатын тапты. Кеосаянның қожайынын іздестіруге атсалысқан америкалық әріптестерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Бізге жеткен мәлімет бойынша ерлі-зайыпты Симонян мен Кеосаян Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Алексей Громовқа бағынады. Путиндік пропаганда деп аталатын экожүйенің «жаяу әскеріне» жөн сілтеп, бағыт-бағдар беретін дәл осы – Громов. Кремль кулуарында оны «Куратор» дейді.

Бұлардың өз арасында «аса құпия тақырыптарды» талқылайтын «сары телефон» бар. Ешкімге тиіспей тыныш жатқан Қазақстанға соқтығу туралы бұйрық осы «сары телефоннан» түскен. Тигранның алдындағы мәтін де Громовтың мақұлдауынан өткен.

Көрші-қолаңға күйе жағатын ақпарат Тигран тәрізді пропагандистерге «сары телефон» арқылы жетеді.

Громов кім?

Ол мемқұпия санатындағы мәліметтің сыртқа таралмауын, азат ойлы, тәуелсіз контенттің зомбиланған орыс қоғамына өтіп кетпеуін бақылайтын тұлға. Путинді пір тұтатын ақпараттық саясаттың төбе басында тұр. Кремльге бағынышты БАҚ-тың жұмысын жүйелейтін де сол.


Рекомендовать
Последние новости