Болгариядағы МӨЗ-ді сатып алу мүмкіндігіне қатысты ҚМГ түсініктеме берді

Кәмшат Тілеухан 09 янв. 2025 09:19 498

Болгарияның Бургас қаласындағы ресейлік "Лукойлға" тиесілі мұнай өңдеу зауыты 1 млрд долларға сатылғалы жатқанын, одан үмітті компаниялар арасында біздің "ҚазМұнайГаздың" да барын Bloomberg басылымы күні кеше жазған болатын. Осыған қатысты ұлттық компания түсініктемесі жарияланды, деп жазады Dalanews.kz.

"Бургастағы МӨЗ-ді сатып алу байқауына "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ЛУКОЙЛ компаниясынан шақырту алды. Келісім жайттары нақтылануда", деп Интерфакс-Қазақстан компания түсініктемесін келтіреді.

ҚМГ Румынияда "Вега" және "Петромидиа" сынды қос МӨЗ-ге ие екендерін, сондықтан енді Блограиядағы зауытта салып алса, бұл халықаралық энергетикалық нарықтағы өз ықпалдарын кеңейтуге жол ашатын жақсы мүмкіндік болатынын нақтылайды.

Сондай-ақ Bloomberg бұл зауытты сатып алудан мажарлық Mol Nyrt компаниясы да үмітті екенін жазады. Ал 2024 жылы қарашада Financial Times ҚМГ-ны Бургастағы зауытты сатып алғысы келетіндер қатарына жатқазыған, алайда америкалық басылым бұл ретте қатар-британ консорциумына енетін Oryx Global фирмасы мен DL Hudson сауда үйінің мүмкіндігі жоғары екенін атап көрсеткен. 

Айта кетсек, "ҚазМұнайГаз" мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін танытушы көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі отандық ұлттық оператор болып табылады.

Бұған дейін сайтымызда "ҚМГ Болгариядағы "Лукойлға" тиесілі МӨЗ-ді сатып алуға ниетті" деген мақала жарияланған


Рекомендовать
Последние новости