Бердімұхамедов тұтас түркіменді велосипедке мінгізбек

Dalanews 07 мар. 2020 16:32 802

Түркіменстан астанасындағы қарттар үйінің қызметкерлері жөндеу жұмыстарына ақша жинауға мәжбүр. Олар 200 манаттан ($57,1) өткізген.

«Тағы да ақша жинап жатыр. Бұл жолы 200 манаттан өткіздік. Құжатпен рәсімделмейді. Бұл жолы жиналған ақша жөндеу жұмыстарына, 4 велосипед сатып алуға жұмсалады» дейді қарттар үйінің қызметкері.

Оның айтуынша, мекеме қызметкерлері ақшаны ақпан айының басында жинаған, бірақ оның қайда жұмсалғанын білмейді. Өйткені велосипедтерді әлі ешкім көрмеген.

Соңғы бірнеше жылда Түркіменстанда мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер велосипедке үнемі ақша жинауға мәжбүр.


Республикада маусым айында Велосипед күні атап өтіледі. Бұл мерекені ел президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов ойлап тапқан. Мыңдаған адам сол күні велошеруге қатысады.

Рекомендовать
Последние новости