Бензинге қатысты жағдай: шекарадағы бақылау күшейеді

Сағыныш Сардарова 21 авг. 2025 16:47

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерімен бірге жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күн тәртібінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету, шекара маңындағы өңірлердегі мұнай өнімдері айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, отын қоры жеткілікті.

Жиын соңында премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.

"Бағадағы алшақтық пен логистика тапшылық пайда болуына әкеп соқпауы керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында", - деді Роман Скляр.

 


Рекомендовать
Последние новости