Белгілі сарапшы журналист Марғұлан Тұрсыновтың үстінен прокуратураға арыз түсірді

Көркем Алдабергенова 25 июн. 2025 16:15

Белгілі қаржы сарапшысы Айбар Олжай ZTB жобасының негізін қалаушы медиаменеджер Марғұлан Тұрсыновтың үстінен прокуратураға арыз түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы сарапшының өзі жазды. 

"ZTB паблигінің иесі жазған "они более образованы, ответственные и стабильные" деген формулировка бір ұлтты бір ұлттан жоғары қою болып тұр. "Превосходство арийской расы" деген Гитлер фашизмінің идеологиясы тура осылай құрылған. Бұл тұрғыда Марғұлан Тұрсынов ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабын бұзуы мүмкін. Осыны тексеру бойынша жаңа ғана Бас прокуратураға мәліметтерді қосып, арыз жолдадым. Прокуратура не өзі тексереді, не Ішкі істер министрлігіне жолдайды", - дейді Айбар Олжаев. 

Әңгіме не жайлы? 

Әңгіме Тұрсыновтың Threads желісінде жазған жазбасынан басталған.

Тіл мәселесі онсыз да қызып тұрған шақта, Тұрсынов орыс ұлтына қатысты жазбасы отқа май құйғандай болды. 

"Соңғы уақытта елімізде орыстарға қатысты ұлтшылдықтың күшеюі байқалып отыр. Мен, жергілікті ұлттың өкілі ретінде, мойындаймын - орыстарға деген көзқарасым ерекше. Көп жағдайда түрлі мәселелер бойынша мен дәл соларға жүгінемін. Мейлі техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия секілді мәселелер болсын. Өйткені мен оларды анағұрлым білімді, жауапты әрі тұрақты деп есептеймін. Ашық айтайын, күнделікті өмірде оларсыз маған қиын", - дейді Марғұлан Тұрсынов. 

Threads қолданушылары медиаменеджердің бұл жазбасын қызу талқылай түсті


Рекомендовать
Последние новости