"Әлдеқайда білімді, әлдеқайда жауапты...". Танымал журналистің сөзі қызу талқыға түсті

Көркем Алдабергенова 25 мау. 2025 14:30

"За тебя, Бәке" (ZTB) медиа жобасының негізін қалаушы, медиаменеджер Марғұлан Тұрсыновтың басы бәлеге қалды. Бәрі оның Threads желісінде жазған жазбасынан басталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тіл мәселесі онсыз да қызып тұрған шақта, Тұрсынов орыс ұлтына қатысты жазбасы отқа май құйғандай болды. 

"Соңғы уақытта елімізде орыстарға қатысты ұлтшылдықтың күшеюі байқалып отыр. Мен, жергілікті ұлттың өкілі ретінде, мойындаймын - орыстарға деген көзқарасым ерекше. Көп жағдайда түрлі мәселелер бойынша мен дәл соларға жүгінемін. Мейлі техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия секілді мәселелер болсын. Өйткені мен оларды анағұрлым білімді, жауапты әрі тұрақты деп есептеймін. Ашық айтайын, күнделікті өмірде оларсыз маған қиын", - дейді Марғұлан Тұрсынов. 

Ал мынау жазбасының түпнұсқасы. 

Threads қолданушылары медиаменеджердің бұл жазбасын қызу талқылай түсті. Сөзіміз дәлелмен болуы үшін Threads-те Тұрсыновқа қарсы жазылған жазбалардың бірсыпырасын ұсынамыз. 

"20 ғасырдағы 70 жылдық құлдық сана мен пропаганданың жемісі. Не істейміз енді сізді, қайта тәрбиелейміз. Чипке “перепрошивка” жасау керек.Қалжың. Мұхтар Мағауиннің кітаптарын оқып шығыңыз"

"ztb.kz парақшасының иесі Марғұлан Тұрсынов аборигендік комплекстері барын мойындап, көптеген істе орыстарға көбірек сенетінін жазды. Ол оларды қазақтарға қарағанда жауапкершілігі мол деп санайды. Яғни, ол орыстар өз ата-анасынан да ақылды әрі тәртіптірек деп мойындап отыр. Өкінішке қарай, арамызда мұндайлар аз емес. Менің ойымша, қазақтар оған бойкот жариялауға міндетті. Қойсын, оның тек орыс оқырмандары қалсын. Қазақтар, оның парақшасынан да, өзінен де жазылудан шығыңыздар!"

"Марғұлан Тұрсынов, не мынау, масқара өз қазақтарыңызды төмендетіп. Жаман қазақ орыс бола алмайды. Нашар адам екенсіз"

"Қайдағы национализм? Не айтып отырсың? Адамдар қазақ тілі үшін ұайымын білдіріп жатса. Саған бәрі бір шығар, сенің ZTB парақшан орыс тілінде жүргізіледі. Ал білім жағынан біз ешкімнен кем түспейміз, робототехника, шахмат, математика, физикадан барлық жарыстарда қазақ жастары үздіктер қатарында".

Артынша Марғұлан Тұрсынов дау тудырған жазбасын өшіріп тастаған. Сонымен қатар, медиаменеджер жазбасын түсіндіруге тырысты. Оның сөзінше, әлдекімдер ойын басқаша бұрмалап жіберіпті. 

"Құрметті Қазақ бауырлар, мен ойымды нақты жеткізбедім. Мен өз Қазақ елімді сүйемін, мен өз халқымның патриотымын. Менің айтайын дегенім - әлеуметтік өмірде біз орыстардан алар берер дүниелеріз жетерлік. Менің тек айтарым - ұлтараздық алауыздықты тоқтату, Қазақстанның әр азаматын сыйлау. Біз араздықпен тілді де, мәдинетті де үйрете алмаймыз. Менің ойымды басқа азаматтар дұрыс емес мағынада бұрмалап жіберген сияқты. Мені түсінбеген әр Қазағымнан кешірім сұраймын", - дейді Тұрсынов. 

Айта кетейік, тіл мәселесіне қатысты дау бұған дейін де болған еді. Мысалы әлеуметтік желіде танымал заңгер Ержан Есімхановтың қазақ тілінде сөйлейтіндерге қатысты жазбасы қызу талқыға түскен еді. Threads-тегі жазбадан кейін қалың көпшілік ашық пікір білдіріп, наразылығын көрсетті. 

Заңгер көне тілдердегі мәтіндерді қалпына келтіріп, ерекше контент жасайтын Arum Natzorkhang есімді блогер туралы айта келіп, сөз арасында "бұл қазақшасөйлешниктерге қайдан жетсін?" дегендей мысқылдаған.

Халықтың ашық реакциясы

Желі қолданушылары қазақ тілі сөз болған бұл даулы жазбадан кейін үнсіз қалмаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар