«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ел экономикасын қолдау мақсатында шамамен 3,5 трлн теңге бөледі

Жарбол Кентұлы 24 июн. 2024 11:37 17841

Үкіметтің экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан экономикасына шамамен 3,5 трлн теңге сомасында қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.


«Үкімет «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражатын, экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруға тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капиталды белсенді түрде тартады. «Бәйтерек» желісі бойынша ағымдағы жылы 3 трлн теңгеден астам сомаға жобаларды қаржыландыру жоспарлануда», - деп толықтырды Олжас Бектенов.


Қолдаудың негізгі бөлігі тікелей қолдау құралдары арқылы көрсетілетін болады, оған 2,8 трлн теңге бөлінеді. Бұл қаражат келесідей бөлінеді:


• экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыру: шамамен 1,4 трлн теңге;
• көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыру: 0,5 трлн теңгеден астам;
• тұрғын үй блогын қолдау: шамамен 0,4 трлн теңге;
• «Наурыз» және «Отау» ипотекалық бағдарламаларын іске асыру: 0,4 трлн теңге;
• экспорттаушылар мен шағын және орта бизнес субъектілерін (ШОБ) қолдау: 32 млрд теңге.
Бұдан басқа, кепілдік беру, субсидиялау және сақтандыру сияқты жанама қолдау құралдары арқылы 700 млрд теңгеден астам қаражат бөлінетін болады:
• инвестициялық жобалар мен ШОБ жобалары бойынша кепілдіктер беру: 150 млрд теңгеден астам;
• ШОБ субъектілеріне субсидиялар беру: шамамен 300 млрд теңге;
• экспорттық операцияларды сақтандыру: шамамен 300 млрд теңге.


Бұл бастама экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларында өсуді ынталандыруға бағытталған.


Рекомендовать
Последние новости