Баянауылда Түркістан облысының жәдігерлер көрмесі өтті

Dalanews 19 сент. 2023 08:45 1048

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және өңіраралық мәдени-рухани байланысты нығайту мақсатында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылындағы академик Қаныш Сәтпаевтың мемориалдық музейінде Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің «Түркістан өңірінің тұлғалары мен мұралары» көрмесінің ашылуы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрме аясында Түркістан тарихы мен тұлғаларына арналған конференция ұйыдастырылды. Көрмеде көне Түркістан өңірінің тарихына байланысты және Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Фараби, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Сүгір Әліұлы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Шәмші Қалдаяқовтың жәдігерлері көрсетілді.

Көрмеге Баянауыл әкімдігінің басшылығы, зиялы қауым өкілдері, музей, кітапхана және БАҚ өкілдері қатысты. Көрме теріскей халқының ыстық ықыласына бөленді. Аталған көрме ертеңге дейін жалғасады.

 

Рекомендовать
Последние новости