Батыс Қазақстанда биыл 642 шақырым жол жөнделуде

Жарбол Кентұлы 12 нояб. 2024 16:47 1619

Президент көлік-логистика саласын жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Экономиканың күре тамыры – жол. Кез келген өңірдің дамуына сапалы жолдардың болуы үлкен әсерін тигізеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір бойынша бірқатар ірі жол құрылыстары жүзеге асуда. Облыстың шалғай орналасқан Казталов, Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында өткен жылдардан келе жатқан республикалық маңызы бар 245 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, нәтижесінде шалғай аудандардың облыс орталығымен байланысы оң шешім тапты.

Сонымен қатар, республикалық маңызы бар 144 шақырым Подстепное - Федоровка - Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жолды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 60 шақырымға жуық жол жөнделді.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша Барбастау – Ақжайық - Индер (308 км, аяқталғаны 50 км) және Жаңақала – Бисен (210 км, аяқталғаны 23 км) бағытындағы жолдардың құрылысы жүруде. 

Үкіметтің қолдауымен жыл сайын жол құрылыстарын жүргізу үшін қаражат уақытылы бөлінуде. Өткен жылы 82 млрд. теңгеге 562 шақырым жол жөнделсе, биылғы жылы 92 млрд.теңгеден астам қаржыға 642 шақырым жол жөнделуде.

Ал,  келер 2025 жылы осындай көлемдегі жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс орталығы Орал қаласындағы көше жолдарын жөндеу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 3,6 млрд.теңгеге Орал қаласында 58 шақырым жол жөнделсе, биылғы жылы 4,3 млрд теңгеге 50 шақырымнан астам жол жөнделді.


Рекомендовать
Последние новости