Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сағыныш Сардарова 09 нояб. 2024 14:51 3181

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

9 қарашада Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген.

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апат жағдайында қонған.

Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді.

Оларға қажет медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости