Батыс Қазақстанда балаларға арналған Президенттік шырша мерекесі өтті

Dalanews 25 дек. 2023 08:50 1083

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен облыстың әр аумақтарынан келген бүлдіршіндерге арналған Президенттік шырша мерекесі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдық мерекеге облыстың әр өңірінен оқу озаттары, аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндер мен мүгедек балалар, көпбалалы жанұядан шыққан жасөспірімдер қатысты. Аталған іс-шараға жалпы саны 200 бала қатысты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев балаларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін, сендер секілді жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Яғни, балалар мен жасөспірімдер үшін жайлы балабақшалар, заманауи мектептер салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайлары және спорт кешендері ашылуда. Алдағы уақытта да көптеген жаңа жобалар қолға алынады. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жалғасын табады, – деді облыс басшысы.


Бұдан кейін облыс әкімі ҚР Президентінің атынан балаларға сыйлықтар табыстады.

Облыстың әр өңірінен жиналған оқушылар мен жасөспірімдерге театрландырылған қойылымдар, цирк өнерпаздарының бағдарламалары мен хореографиялық композициялар көрсетіліп, соңынан бүлдіршіндер облыс әкімімен естелік суретке түсті.

Рекомендовать
Последние новости