Баталовтың тапсырмасы. Алматы облысында газдандыру жұмысы қызу жүруде

Dalanews 21 апр. 2020 08:40 825

Қазіргі уақытта Алматы облысының 12 ауданы мен үш қаласында төтенше жағдайға қарамастан үйлерді газбен жабдықтау желісіне қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.




Облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша газдандырумен айналысатын барлық компаниялар өз жұмысын қайта құрды.

Алматы облысының қалалары мен ауылдарын газдандыру тоқтатылған жоқ, көгілдір отын аймақ тұрғындарының үйлері мен пәтерлеріне үздіксіз қосылатын болады.


Бүгінгі таңда өңір халқының 56% - ы көгілдір отынға қол жеткізді. Газдандыру жылы аясында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыстың елді мекендерін газдандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылын газдандыру жоспарлануда. Газ құбырының ұзындығы жүз алпыс километрден асады. Бұл дегеніміз, табиғи газға 15 мыңға жуық абонент қол жеткізе алады деген сөз.

Ал Жамбыл ауданында бүгінгі таңда жиырма елді мекенде газ желілері жүргізіліп, газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 61 елді мекен қамтылады.

Қарасай ауданында 22 елді мекенге газ тартылады. Орташа пайызы 73,4% құрайды.

Биылғы жылы Талғар ауданының 43 елді мекені көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

Еңбекшіқазақ ауданында 65 елді мекен тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді. Айта кету керек, көптеген жобалар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүргізіледі. Оған облыс әкімі Амандық Баталов үлкен көңіл бөлуде.

Мысалы, өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде тоғыз жобаны іске асыру басталды, атап айтқанда: Бақанас, Сарыөзек, Ақтас, Ақдалас, Жалғызыс, Достық (Фрунзе) ауылдарын, Үштөбе, Текелі қалаларын газдандыру, сондай-ақ "Байсерке-Қапшағай"газ құбырынан Жетіген кентіне дейін жеткізуші газ құбырын салу.

Облыстық бюджеттен облыстың елді мекендерінде кентішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының 46 жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Рекомендовать
Последние новости