Баспаналы болу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

Dalanews 18 мая 2017 16:54 853

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау қажеттігі анықталды. Пәтер алу үшін қазақстандықтар 14 жыл бойы ақша жинау керек, делінген Ranking.kz аналитикалық порталының зерттеуінде. Бұл жайында  Sputnik Қазақстан сайты хабарлайды.

Тұрғын үй кезегінен кімдер шығарылатыны белгілі болды "Биылғы жылдың алғашқы төрт айы ішінде жаңадан салынған баспана бағасы 1,1%-ға қымбаттады. Бағаның артуы қарапайым қазақстандықтың баспанаға қол жеткізу үшін қаражат жинау мүмкіндігін шектейді. Қазір бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін тұрақты жұмысы бар қазақстандық 14 жыл бойы жалақысының 30%-н жинап отыруы тиіс", — делінген зерттеу нәтижелерінде. Биылғы жылы қаңтар-сәуір айлары ішінде жаңа пәтер бағасы орташа есеппен 1,1%-ға қымбаттаған, бұл бір шаршы метр 250,1 мың теңге тұрады деген сөз.

Рекомендовать
Последние новости