"Баспалдақтар" реалити-шоуы жалған болып шықты

Қаракөз Амантай 22 февр. 2024 11:11 2223

Шын мәнінде мұндай шоу жоқ. Ол креативті хайп протез ала алмай жүрген мүгедектердің жағдайына қоғам назарын аударту үшін әдейі жасалған екен, деп хабарлайды Dalanews.kz DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеп.

Шоудың тизері пайда болғанда, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кәдімгідей шу көтерілген болатын. Тіпті аталмыш реалити-шоуға тыйым салынады деген хабарлама да тараған еді.

Арна мәліметінше, қазір мемлекет косметикалық протезді тегін береді. Алайда толыққанды жүріп-тұруға функционалды протез керек. Ал ол өте қымбат және онымен қамтамасыз етуге мемлекеттің шамасы жетпейді.

Елімізде 50 мыңнан астам адам аяқ-қолды протездеуге мұқтаж.

Оларға протез алып беру үшін, TDI Central Asia мен Altair қоры дәл қазір әрекет етуге шақырады.

Ендеше сіз де мына сілтемеге өтіп, көмек қолыңызды соза аласыз.


Рекомендовать
Последние новости