Жаңа министр 10 өңірде қауіп барын айтып, ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 20 февр. 2024 13:20 2416

Қызметіне жаңадан кіріскен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қай өңірлерде су тасқыны қаупі барын айтты. Оның сөзінше, әлі күнге 10 өңірде су тасқыны қаупі сақталады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр "Қазгидромет" РМК болжамына сүйеніп, ақпан мен наурыздың соңында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормадан да көп жауын-шашын жаууы мүмкін екенін жеткізді.

"10 өңірдегі елді мекендерде, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар", - деді Шыңғыс Әрінов.

Бұдан бөлек Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында да қауіп бар екен.

"Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажет іс-шаралар кешенін өткізді. "Көктем" республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды", - деді министр Үкімет отырысында.


Рекомендовать
Последние новости