Бас жүлде «Фортуна» ансамблінде

Жарбол Кентұлы 18 окт. 2024 10:16 3482

Қаратөбеде Ғ.Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының 40 жылдығы аясында және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Е.Хасанғалиевті еске алуға арналған вокалды аспаптар ансамблдері арасында «Сазды әуен мен сырлы үн» атты облыстық байқауы өтті.

Өнер байқауының ашылу салтанатында Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Облыстық байқауда сегіз ауданның вокалды аспапты ансамбльдері өзара бақ сынады.


Ансамбльдер арасындағы байқаудың қорытындысында Бас жүлдені Бөрлі ауданынан келген «Фортуна» ВАА жеңіп алды.

Шебер орындау мәнерімен көзге түскен шыңғырлаулық «Арай» ВАА байқаудың І орынын иемденсе, ІІ орынды Тасқала ауданынан келген «Тасқала» ВАА, ІІІ орынды Бәйтерек ауданынан келген «Ғасыр band» ВАА иеленді. Ал Ескендір Хасанғалиевтің арнайы жүлдесімен теректілік «Теректі» ВАА марапатталды.


Өнер додасында «Үздік әнші» аталымымен тасқалалық Тимур Тапалов, «Үздік соло гитара» аталымымен теректілік Рустам Бекболатов, «Үздік дауылпаз» аталымымен ақжайықтық Руслан Жұмабайұлы, «Үздік бас гитара» аталымымен бәйтерек ауданынан келген Мәлік Мусакулов, «Үздік ритм гитара» аталымымен Алтай Қожаев, «Үздік күйсандық» аталымымен Ермек Жардемовтар марапатталды.


Рекомендовать
Последние новости