Бәрін бүлдіріп алады да, Сағадиев те кетеді ертең

Dalanews 29 июн. 2016 07:28 880

Бізде тәуелсіздік алғалы бері 18 министр ауысыпты.

Сонда оқу-ағартудан кеткен кемшілікті, олқылықты кімнен сұраймыз? Ешкім де жауап бермейді. Бәрін бүлдіріп алады да, Сағадиев те кетеді ертең. Кінәнің бәрін өзіне арқалатады да, қоя береді. Әрқайсысы бір-бір реформамен келеді. Мектепте үш тілде оқыту – балалардың басын шіріту. Бізге ұлтты жоюдың программасын жасап бергендей біреулер. Соны біртіндеп іске асырып келе жатырмыз. Мектептеріміз Сәбет одағынан кейін керемет дамып кетті деп айта алмаймыз. Сол кездегі ғылымды сақтай алдық па? Баяғы Ғылым академиясы қайда?

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, жазушы


"Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы"


деген тақырыпта өткен қоғамдық талқылауда сөйлеген сөзінен үзінді.


Рекомендовать
Последние новости