Бақыт Асанов: «Тәуелсiздiк – бұл біздің аңсаған асыл арманымыз»

Dalanews 15 дек. 2018 03:05 1013

Мақтаарал ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған мерекелік іс-шарасы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев бастаған аудан активі, аудан тұрғындары мен белсенді жастар қатысты. 

Мерекелік іс-шарада еліміздің көк туы көкке көтеріліп, еліміздің әнұранын аудан жұртшылығы қасқайып тұрып шырқады. Осылайша егемендігімізді ешкімге бермейтіндігін, оны нығайту жолында аянбай еңбек ететіндіктерін мақтааралдықтар көрсетіп берді.

Аудан тұрғындарын еліміздің басты мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнау үшін сахнаға аудан әкімі Бақыт Асанов шықты.

– Құрметті мақтааралдықтар! Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүрекпен құттықтаймын. Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсiздiк пен бостандықты, теңдiктi аңсайтыны анық. Сол жолдағы тынымсыз күрес әлемнің кей түкпірінде әлi де жалғасып жатыр. Тәуелсiздiк ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенiнен, оның сан ғасырлық арманынан iздегенiмiз абзал. Ғасырлар бойы бабалар көксеген тәуелсіздік туын желбірету бақыты бүгінгі заманда ғұмыр кешіп жатқан біздерге бұйырыпты. Қазiргi басты мiндет те, басты парыз да ел Тәуелсіздігін көздiң қарашығындай сақтау әрi оны одан әрi нығайту болып табылады. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі  кемелдене берсін!.. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін. Егемен еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін! – деді Бақыт Нәсірханұлы.

Мереке барысында аудан басшысы бірқатар белсенді азаматтарға ел Тәуелсіздігіне орай республика, облыс басшыларының және өзінің атынан төсбелгі мен алғыс хаттар табыстады.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық қоғамдық кеңесінің б

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости