Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктер, ҚР-дағы резидент емес банктердің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізілетін қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атап айтқанда, жаңа түзетулер мынандай талаптарды қамтиды:
- жеке тұлғаны несиелік қабілетін бағалау кезінде тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушы ретінде жіктеу критерийін бекіту;
- жеке тұлғалардың берешегін реттеу бойынша несиелік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібін қалыптастыруға қойылатын талаптарды белгілеу;
- жеке тұлғардың-тұтынушының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бөлімше құру.
"Тұтынушылардың мүдделерін сақтау мақсатында банктің бизнес-моделіне тұтынушылардың мүддесі тұрғысында бақылау функцияларын орындайтын бөлімшенің болуы бойынша талап енгізіледі", делінген құжатта.
Құжат 12 мамырға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.
Бұған дейін сайтымызда "Банк қосымшасындағы интернет-дүкен қаншалықты табысты немесе тауар толы маркетплейстің ар жағындағы мәселе" атты мақала жарияланған болатын.