Балаева: "Ақпаратқа қол жеткізудің сапасын арттыра түсуге тиіспіз"

Dalanews 26 окт. 2020 10:59 776

"Ақпаратқа қол жеткізу" туралы заңға бірқатар толықтыру мен өзгерістер енеді. Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты деп хабарлайды Dalanews.kz 

Орталық коммуникация қызметінде президент Тоқаев Жолдауының негізгі бағыттарын тарқатып өткен министр осынау заңның соңғы 5 жыл көлемінде жұмыс істеп келе жатқанын айтты.

Балаеваның атап өткеніндей осы заң аясында  азаматтар "Ашық үкімет" порталында еркін ақпарат алып әрі оны таратуға мүмкіндік алған.  Әзір порталмен байланысты 4 платформа жұмыс істеп тұр.

Бұлар: ашық деректер, Ашық бюджеттер, Ашық НҚА және ашық диалог тармақтары.  Осынау платформаларда 3,5 мыңға жуық жариялы мемлекет мәліметі жинақталған. Бұдан бөлек  74 мың бюджеттік бағдарлама жобалары жарияланған.


Сонымен қатар дәл осы арада 65 мың нормативті-құқықтық актілер бар. Соңғы 5 жылда "Ашық диалог" платформасы арқылы белгілі бір салаға жауап беретін басшылардың блогына 366 мыңға жуық өтініш түскен. Әйткенмен қоғам тарапынан аталған порталға қатысты сын-ескерту де көп.

Балаева бұл туралы егжей-тегжейлі айтты.

"Нақты айтқанда кейбір мәліметтерді оқу ыңғайсыз, мәтіні ұғынықсыз, сауалдарға кешігіп жауап береді деген шағым жиі түседі. Президентіміз осыған орай ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу керегін атап өткен. Түзетулер 2 негізгі мәселені шешуді мақсат тұтады. Бұл: бақылау мен жауапкершілікті күшейту. Ол үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жауапты органның функциясы берілетін болады", – деді министр.

Өз кезегінде Тоқаевқа ақпаратқа қол жеткізуге қатысты жүргізілген жұмыстың жай-жапсары баяндалып, жыл сайын есеп беріліп отырады.

Балаева өз тарапынан ақпарат иеленушілерге бизнес субъектілері және олардың бірлестіктерін, меморгандардың қызметін жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін және де үкіметтік емес ұйымдарды кіргізуді ұсынды.

"Қолданыстағы заңнамаға түзетулер әзіргі уақытта Мәжілісте қаралатын ақпарат мәселелері жөніндегі заң жобасына енді. Жыл соңына дейін заң жобасы Президенттің қол қоюына кіргізілуі қажет", – деді ведомства басшысы.

 

Рекомендовать
Последние новости